Атыраудағы сенбілікте 1 тоннаға жуық қоқыс тазартылды
Атырау қаласында “Таза Қазақстан” жалпыұлттық бастамасы аясында ұйымдастырылған “Таза қала” акциясы шеңберінде қалалық сенбілік өтті. Шара барысында қала аумағындағы бірқатар қоғамдық орындарда тазалық жұмыстары жүргізілді.
Атап айтқанда, Жеңіс саябағы, Ретро парк, Балықшы және Алмагүл саябақтарында қоқыс жинау және аумақты тазарту жұмыстары қарқынды ұйымдастырылды. Сенбілікке қала тұрғындары, еріктілер және түрлі мекеме қызметкерлері белсенді қатысты.
Тазалық шарасының нәтижесінде 1 тоннаға жуық қоқыс шығарылды. Акцияға АМӨЗ, ЕмбіМұнайГаз, сондай-ақ Атырау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі мен оған қарасты мекемелердің қызметкерлері атсалысты.
Атырау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің бас маманы Елтай Айбатов мұндай бастамалар алдағы уақытта да жалғасын табатынын атап өтті.
Сондай-ақ, Атырау қалалық тұрғындарға коммуналдық қызмет көрсету бөлімінің басшысы Ринат Мұратұлы да ұжымдастарымен бірге сенбілікке қатысты.
“Ұжымдастарымызбен бірге отыз шақты қызметкер қала тазалығына үлес қосу үшін сенбілікке қатыстық. Қаланың тазалығы үшін әрдайым дайынбыз”, – дейді ол.
#ТазаҚазақстан, #ТазаОрта
Нұргүл Насыр

