Атырау қаласындағы №49 «Келешек» мектебінде «Таза мектеп» экологиялық акциясы аясында кезекті сенбілік ұйымдастырылды.
Тазалық шарасына мектеп мұғалімдері мен техникалық қызметкерлері белсенді қатысып, білім ордасының ауласы мен оған іргелес аумақты тазалау жұмыстарын жүргізді. Сенбілік барысында аумақ қоқыстан тазартылып, жасыл желек айналасы ретке келтіріліп, мектептің санитарлық жағдайын жақсартуға бағытталған жұмыстар атқарылды.
Мұндай игі бастамалар білім беру ұйымдарында тазалық мәдениетін қалыптастырумен қатар, еңбекке құрмет пен қоршаған ортаға жанашырлықты дәріптеуге ықпал етеді. Сондай-ақ, ортақ іске жұмылу ұжымның ауызбіршілігін нығайтып, жауапкершілік пен ұйымшылдықты арттыруға мүмкіндік береді.
№49 «Келешек» мектебінде өткізілген сенбілік – білім беру мекемесінде таза әрі қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған жүйелі жұмыстардың бір бөлігі. Мектеп ұжымы алдағы уақытта да қоршаған ортаны таза ұстауға бағытталған экологиялық іс-шараларды тұрақты түрде өткізуді жоспарлап отыр.

