Атырау қаласындағы «Келешек» мектептерінде 2026–2027 оқу жылына 1-сыныпқа оқушыларды қабылдау жалғасуда. Құжаттарды қабылдау 2026 жылдың 18 маусымы мен 31 тамызы аралығында жүзеге асырылады.
Бірінші сыныпқа қабылдау үшін ата-аналар немесе заңды өкілдер төмендегі құжаттарды тапсыруы қажет:
* ата-анасының немесе заңды өкілінің өтініші;
* баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
* №065-у профилактикалық егу картасы (электронды нұсқасы);
* №052-2/у «Бала денсаулығы паспорты» (электронды нұсқасы);
* 3×4 көлеміндегі екі фотосурет.
Білім беру ұйымы ата-аналарды құжаттарды белгіленген мерзімде тапсырып, баланың мектепке қабылдау рәсімін уақытылы аяқтауға шақырады. 1-сыныпқа қабылдау қолданыстағы талаптарға сәйкес жүргізіледі.

