Атырау қаласында республикалық референдум барысында дауыс беру үдерісі қоғамдық байқаушылардың қатысуымен өтті. Бұл туралы «Дауыс» қоғамдық байқаушылар коалициясы» РҚБ Атырау облыстық филиалының жетекшісі Дәурен Сейітқалиев хабарлады.
Оның айтуынша, дауыс беру таңғы сағат 07:00-де басталып, кешкі сағат 20:00-де аяқталған. «Бүгін Атырау қаласындағы барлық референдум учаскелерінде қоғамдық байқаушылар болды.
Таңғы жетіде басталған дауыс беру кешкі сегізде аяқталды. Дауыс беру барысында заң бұзушылықтар немесе кедергілер тіркелген жоқ. Қазір барлық учаскелер өз жұмысын аяқтап, бюллетеньдерді санауға кірісті», — деді Дәурен Сейітқалиев.

