Атырауда мұнай-газ саласына арналған фотокөрме ашылды

(0 Votes)

Атыраудағы YEMAA Art Space алаңында «Мұнай және өмір» атты фотокөрменің ашылу салтанаты өтті. Ерекше көрме өңірдің мұнай-газ саласының қалыптасу тарихын, өндірістегі еңбек адамдарының тыныс-тіршілігін және Атырау облысының әр кезеңдегі өзгерісін фотосуреттер арқылы бейнелейді.

Экспозицияға атыраулық фототілшілер мен деректі фотографтардың еңбектері қойылған. Көрмеде мұнай кен орындарын игеру тарихы, өндірістік құрылыс жұмыстары, теңіздегі және құрлықтағы жобалар, сондай-ақ аймақтың әлеуметтік өмірінен сыр шертетін кадрлар топтастырылған. Авторлар өндіріс әлемін ғана емес, сол саланың дамуына үлес қосқан қарапайым еңбек адамдарының бейнесін де көрсетуге басымдық берген.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, фотокөрменің негізгі мақсаты - өңірдің өндірістік шежіресін фотоөнер арқылы кейінгі ұрпаққа жеткізу және фотожурналистер еңбегінің маңызын көрсету. Сонымен қатар жоба қоғам мен өндіріс арасындағы байланысты жаңа қырынан танытуға бағытталған.

«Мұнай және өмір» фотокөрмесі YEMAA Art Space кеңістігінде бір ай бойы жалғасады. Көрермендер аймақ тарихын бейнелейтін ерекше фотожинақпен танысуға мүмкіндік алады.

Ақтілек Базарбаева

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT