Атырауда ҚР ҰҚК Шекара қызметінің 60-қа жуық жас сарбазы әскери ант қабылдады

(0 Votes)

Салтанатты рәсімге әскери бөлім өкілдері, ардагерлер мен сарбаздардың ата-аналары қатысты, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Әскери бөлімнің бас штаб басшысы Бауыржан Абсаматов Отан алдындағы жауапкершіліктің маңызын атап өтті.

– Отан қорғау – әр азаматтың борышы. Бүгінде жас сарбаздар әскери ант қабылдап, ел шебін қорғау жолындағы жауапты қызметке қадам басты. Бұл – үлкен сенім мен жауапкершілік. Сіздерге адал қызмет, мықты тәртіп және ел тыныштығын қорғауда табыс тілеймін, — деді ол.

 Іс-шара барысында ҚР ҰҚК ШҚ арнайы бөлімшесінің сарбаздары қоян-қолтық ұрыс пен өзін-өзі қорғау тәсілдерінен арнайы жаттығулар көрсетті. Сонымен қатар Ұлттық ұланның Құрмет қарауыл ротасы оркестрінің сүйемелдеуімен концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, өнерпаздардың қойылымдары көрермен назарына ұсынылды.

Салтанатты рәсім соңында сарбаздар ата-аналарымен бірге естелік суретке түсті.

– Немерем бүгін ант қабылдап, Отан алдындағы борышын өтеуге аттанды. Сәт сапар тілеймін. Әр ата-ана баласын әскерге жіберіп, ел қорғайтын мықты азамат болып қалыптасуына қолдау көрсетуі керек, — деді Жорабек Құмаров.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT