Атырауда көпқабатты үйлердің аулалары тазартылды

(0 Votes)

Атырау қаласында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында «Таза аула» сенбілігі өтті.

Шара барысында «Атырау Жарық» ЖШС қызметкерлері Азаттық даңғылы бойындағы №87–95 көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларын тазартты. Сенбілік кезінде аумақтар қоқыстан тазаланып, абаттандыру жұмыстары жүргізілді.

Қатысушылар мұндай бастамалардың қала тазалығын сақтауда маңызы зор екенін атап өтті.

– Осындай шаралар қала тазалығын сақтауға үлкен үлес қосады. Сондықтан сенбіліктерге тұрақты қатысуға тырысамын, – деді «Атырау Жарық» ЖШС маманы Нұрғалиев Берік Төлегенұлы.

Ұйымдастырушылар алдағы уақытта да акция аясында тазалық акциялары жалғасатынын жеткізді.

Нұргүл Насыр

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT