Атырауда қаланы көгалдандырудың ғылыми негізделген шешімдері таныстырылады

(0 Votes)

12 мамыр күні Атырау қаласында қалалық аумақтарды көгалдандырудың заманауи тәсілдеріне арналған білім беру іс-шарасы өтеді. Оны Ботаника және фитоинтродукция институты GREEN SCIENCE KZ жобасы және Chevron компаниясының қолдауымен ұйымдастырып отыр. Шараға сала мамандары, питомник өкілдері, жобалау және мердігер ұйымдар, сондай-ақ қалалық ортаны дамытуға қатысы бар барлық тараптар қатысады.

Іс-шараның негізгі бөлігі — Атырау қаласын көгалдандыруға ұсынылатын ағаш-бұта өсімдіктерінің ғылыми негізделген ассортименті қамтылған каталогтардың таныстырылымы болмақ. Бұл материалдар Институт ғалымдарының көпжылдық зерттеулері мен интродукциялық сынақтарының нәтижесінде әзірленген. Әзірлеу барысында өңірдің табиғи-климаттық ерекшеліктері, топырақтың тұздануы, ылғал тапшылығы және антропогендік жүктеме ескерілген.

Семинар барысында мамандар Батыс Қазақстанның аридті климаты жағдайында жасыл желектерді отырғызу, орналастыру және күтіп-баптау бойынша тәжірибелік ұсынымдарын ұсынады. Бұл әзірлемелер уәкілетті мемлекеттік органдарға, сондай-ақ жобалау және мердігер ұйымдарға практикалық қолдануға арналған.

Ботаника және фитоинтродукция институтының бас директоры Гүлнара Ситпаева қалаларды тиімді көгалдандыру ғылыми деректер мен көпжылдық тәжірибеге сүйенбей мүмкін емес екенін атап өтті.
«Қалаларды тиімді көгалдандыру үшін ботаник-интродуктор мамандардың көпжылдық интродукциялық сынақтар барысында жинақталған тәжірибесі мен ғылыми әзірлемелерін пайдалану маңызды. GREEN SCIENCE KZ жобасының арқасында Институттың ғылыми нәтижелерін таныстырып, бұл білімді көгалдандыру саласына қатысы бар барлық мамандарға жеткізу мүмкіндігі туды», — деді ол.

GREEN SCIENCE KZ жобасы экологиялық білімді насихаттауға және ғылыми негізделген көгалдандыру қағидаларын енгізуге бағытталған. Бұған дейін осындай іс-шаралар Алматы, Орал қалаларында және Ұлытау облысында өткен. Жобаның қорытынды кезеңі 2026 жылдың қыркүйегінде Астанада жоспарланып отыр.

Іс-шара Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінде өтеді. Оған мемлекеттік органдардың өкілдері, БАҚ және қоғам белсенділері шақырылған.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT