Атырауда газбен қамту 99,9%-ға жетті

(0 Votes)

Атырау облысында халықты табиғи газбен қамтамасыз ету деңгейі 99,9%-ға жетті, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов Үкімет отырысында Мемлекет басшысының халықты газбен қамтуды ұлғайту жөніндегі тапсырмаларын орындау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады.

Оның айтуынша, бүгінгі таңда өңірдегі газ желілерінің жалпы ұзындығы – 6 701 шақырым. Халықты табиғи газбен қамтамасыз ету деңгейі 99,9%-ға жеткен. Жылдық тұтыну көлемі – 1 563,6 млн текше метр.

«Өңірде газ саласын дамыту мәселелері ерекше назарда. Атап айтқанда, 2024 жылы 6 елді мекенге газ құбыры жүргізілді. 2025 жылы "Спутник" кентін газбен жабдықтау жұмыстары аяқталды» деді Серік Шәпкенов.

Амандық АБДОЛ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT