Атырау қаласы полиция басқармасының Патрульдік полиция батальоны қызметкерлері қоғамдық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтардың алдын алу және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында профилактикалық жұмыстар жүргізуде.
24-30 тамыз аралығында жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде қала аумағында барлығы 1381 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде 1200-ден астамы құқық бұзушылық жол қозғалысы қағидаларын бұзуға, ал 128-і қоғамдық орындарда жасалған құқық бұзушылықтарға қатысты. Сонымен қатар, жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін 96 автокөлік арнайы тұраққа қойылды. «Кибершериф» және «Екин патруль» автокөліктерінің көмегімен ҚР ӘҚБтК-нің 592-бабына сәйкес, яғни белгіленген жылдамдықты асыру бойынша 475 құқық бұзушылық анықталды.
Патрульдік полиция қызметкерлері азаматтарды жол қозғалысы қағидаларын қатаң сақтауға, көлік басқару кезінде барынша мұқият болуға және қоғамдық тәртіп талаптарын орындауға шақырады.


