Атырауда 50-ден астам ерікті дауыс берді

(0 Votes)

Атырау қаласында республикалық референдум күні 50-ден астам ерікті дауыс беріп, өз таңдауларын жасады. Олар өз азаматтық ұстанымдарын білдіріп, ел өміріндегі маңызды саяси науқаннан тыс қалмайтындарын көрсетті.

Еріктілердің айтуынша, әрбір азамат ел болашағына жауапкершілікпен қарауы тиіс. Сондықтан олар референдумға қатысуды өздерінің азаматтық борышы деп есептейді.

— Біз әрдайым қоғамдағы маңызды сәттерден тыс қалмаймыз. Осындай жауапты кезеңдерде әр азамат белсенділік танытып, өз таңдауын жасауы керек, — дейді еріктілер.

Жастардың бұл бастамасы тұрғындарды белсенділікке шақырып, референдумға қатысудың маңызын тағы бір мәрте көрсетті.
Еске сала кетелік, бүгін Атырау облысы бойынша барлығы 276 референдум учаскесі өз жұмысын жүргізуде.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT