Атырауда 160 адам қайтарымсыз мемлекеттік грант иеленді

(0 Votes)

 

Атырау облысында халықтың әлеуметтік осал топтарын кәсіпкерлікке тарту және табысын арттыру мақсатында берілетін қайтарымсыз мемлекеттік гранттардың алғашқы кезеңі аяқталды. Нәтижесінде 160 азамат 400 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) көлеміндегі мемлекеттік грантқа ие болды, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз брифингінде Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Полымбет Хасанов биыл өңірде 330 адамға қайтарымсыз мемлекеттік грант беру жоспарланғанын айтты. Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 570,9 млн теңге бөлінген.

– Мемлекеттік гранттар екі кезең бойынша ұсынылады. Бірінші кезеңде 24 маусым мен 8 шілде аралығында өтінімдер қабылданып, комиссияның шешімімен 160 азаматқа грант берілді. Олар өз бизнес-идеяларын жүзеге асырып, жеке кәсібін бастауға немесе дамытуға мүмкіндік алды. Екінші кезең қыркүйек–қазан айларында өтеді, – деді П.Хасанов.

Былтыр облыста 291 адам жалпы сомасы 449 млн теңге көлеміндегі қайтарымсыз мемлекеттік грант алған.

Бұдан бөлек, өңірде халықты тұрақты жұмыспен қамту бағытындағы жұмыстар да жалғасуда. Биыл облыс бойынша 46 бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өткізу жоспарланған. Қазірге дейін оның 21-і ұйымдастырылып, оған 425 жұмыс беруші қатысқан. Соның нәтижесінде 715 азамат тұрақты жұмысқа орналасты.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT