АТЫРАУ ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРІ АРАСЫНДА ПІКІРСАЙЫС ТУРНИРІ ӨТТІ

(0 Votes)

«Адал азамат» идеалдарын іске асыру аясында Атырау облысының мемлекеттік қызметшілері арасында «Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» тақырыбында пікірсайыс турнирі өтті.

Турнир барысында қатысушылар мемлекеттік қызмет пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың өзекті мәселелерін талқылап, өз ұстанымдарын дәлелдер арқылы қорғады.

Пікірсайыс барысында қатысушылардың ойды жүйелі жеткізуі, қарсы тараптың уәждеріне дәлелді жауап беруі және командалық жұмыс дағдылары бағаланды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – мемлекеттік қызметшілер арасында адалдық, жауапкершілік, кәсібилік және адамгершілік құндылықтарды дәріптеу, сондай-ақ пікір алмасу мәдениетін дамыту.

Аталған бағыттағы пікірсайыс турнирлері Атырау облысының аудандарында да ұйымдастырылып, мемлекеттік қызметшілердің белсенді қатысуына мүмкіндік берді.

🏆 Турнир қорытындысы бойынша түрлі мемлекеттік органдардың қызметшілерінен құралған құрама командалар арасында:

🥇 «Бірлік» командасы – I орын;

🥈 «Болашақ» командасы – II орын;

🥉 «Ұлағат» командасы – III орын иеленді.

Сонымен қатар, турнирге қатысқан барлық белсенді қатысқан барлық қатысушылар Алғыс хаттармен марапатталды.

✨ Пікірсайыс турнирі мемлекеттік қызметшілердің кәсіби және тұлғалық қасиеттерін дамытуға, «Адал азамат» құндылықтарын ілгерілетуге және мемлекеттік қызметтегі адалдық пен жауапкершілікті нығайтуға бағытталды.

 

Соңғы жаңалықтар

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT