Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов жұмыс сапарымен Индер ауданына барып, әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысты

(0 Votes)

Өңір басшысы Бөдене ауылындағы жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің дайындығын, Индербор кентіндегі тұрғын үйлер мен мектеп-гимназияның құрылысын, жол жұмыстарын және кәріз тазарту құрылыстарының жағдайын тексерді. 

Әр нысан бойынша жұмысты сапалы орындау және құрылыстың кейінге шегерілуіне жол бермей, уақытында аяқтау жөнінде нақты тапсырмалар берілді. 

Сондай-ақ Болат Ақшолақовқа Тұздыкөл көлін дамыту перспективалары, соның ішінде аумақтың туристік әлеуетін арттыру мен инвестициялық жобаларды іске асыру жөнінде баяндалды. 

 Толығырақ Атырау облысы әкімдігінің сайтынан оқыңыздар

Соңғы жаңалықтар

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT