Атырау облысында 335 тұрғын үйден дауыс беруге өтініш қалдырды

(0 Votes)

Атырау облысында жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі референдумға тұрғындар үй жағдайында да қатысып, өз таңдауларын жасады. Барлығы облыс бойынша 335 тұрғын үйден дауыс беру үшін өтініш түскен.

№8 референдум учаскесіне 13 тұрғын үйден өтініш келіп түсті. Солардың қатарында Ришад Усеинов пен оның жұбайы Бея Федоровна бар. Ерлі-зайыпты денсаулық жағдайына қарамастан үй жағдайында өз таңдауын жасап, ел болашағына үлес қосты.

Сонымен қатар тарихи күнде тыл ардагерлері де дауыс беріп, маңызды оқиғаға қатысқан. Жылыой ауданындағы Унзира Әбілғазиева мен Индер ауданындағы көпбалалы ана Еркеш Жексенғалиева ғасырға жуық өмір сүріп, елге қызмет еткен ақ жаулықтылар ретінде өз азаматтық борыштарын орындады.

Комиссия мүшелері, бұл мүмкіндіктің денсаулығына немесе басқа себептерге байланысты сайлау учаскесіне келе алмайтын азаматтардың дауыс беруге толық қатысуын қамтамасыз ететінін және әрбір тұрғынның ел тағдырына қосқан үлесін айқын көрсететінін айтты.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT