АТЫРАУ ҚАЛАСЫНЫҢ АУМАҒЫ 10,5 МЫҢ ГЕКТАРҒА ҰЛҒАЯДЫ

(0 Votes)

Атырау қаласының Бас жоспарына енгізілетін өзгерістерге сәйкес, қала аумағы қазіргі 45 871 гектардан 56 400 гектарға дейін ұлғаяды. Бұл жаңа тұрғын аудандарды дамытуға, инженерлік және көлік инфрақұрылымын жетілдіруге, сондай-ақ тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ

Жыл басынан бері облыста 264,2 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 102,7 пайызды құрады. Сондай-ақ әлеуметтік осал санаттағы азаматтар үшін 205 тұрғын үй сатып алынды.

ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАР САЛЫНЫП ЖАТЫР

Жыл басынан бері облыста 5 мектеп пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін тағы 6 мектеп пен 6 мектепке жапсарлас қосымша ғимарат ел игілігіне беріледі.

Биыл 440 орындық екі балабақша мен 2 өнер мектебінің құрылысы аяқталды. Қазір өңірде тағы 7 балабақша салынып жатыр.

Денсаулық сақтау саласында Нұрсая және Өркен шағынаудандарындағы емханалар, амбулаториялар, медициналық пункттер, жедел жәрдем станциясы, радиологиялық корпус және облыстық онкологиялық диспансердің құрылысы жалғасуда.

МӘДЕНИЕТ ПЕН СПОРТ НЫСАНДАРЫ КӨБЕЙІП КЕЛЕДІ

Жыл басынан бері 6 мәдениет үйі мен 9 спорт кешені пайдалануға берілді. Қазір жаңа мәдениет үйлері мен спорт кешендері, 12 мың орындық стадион, сондай-ақ «Мұнайшы» стадионын жаңғырту жобасы жүзеге асырылып жатыр.

ӨЗЕН АРНАЛАРЫ ТАЗАРТЫЛЫП ЖАТЫР

Жыл басынан бері Жайық, Қиғаш және Жем өзендері мен бірқатар каналдарда түп тереңдету жұмыстары жүргізілуде. Бұл жобалар су тасқыны қаупін төмендетуге, өзендердің су өткізу қабілетін арттыруға, экожүйені сақтауға және балық шаруашылығын дамытуға бағытталған.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT