Атырау – Астрахань бағытында халықаралық автобус қатынасы ашылуы мүмкін

(0 Votes)

Халықаралық жолаушылар тасымалын дамыту мақсатында «Атырау – Астрахань» автобус бағытын ашу жұмыстары жүргізілуде. Осыған байланысты екі ел арасында келіссөз жүргізу үшін «ЛаВаТранс» ЖШС-нің құжаттары Ресей Федерациясының Көлік министрлігіне жолданған, – деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Қазір облыс аумағында 91 тұрақты маршрут жұмыс істейді. Оның қатарында қалалық, ауданішілік, облысішілік және облысаралық бағыттар бар. Бүгінде Атырау қаласы мен барлық аудан орталықтары тұрақты жолаушылар тасымалымен толық қамтылған. – Әлеуметтік маңызы бар облысішілік бағыттарды қолдау мақсатында субсидиялау тетігі жүзеге асырылуда.

Бүгінде осы бағдарлама аясында 11 бағыт бойынша 5 тасымалдаушы мекеме қызмет көрсетеді, – деді облыстық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы жолаушылар көлігі бөлімінің басшысы Данияр Ғарифолла.

 Бүгінде облысішілік бағыттар бойынша жолаушылар тасымалы тұрақты түрде жүзеге асырылып келеді. Атап айтқанда, «Атырау – Құлсары», «Атырау – Индер», «Атырау – Аққыстау», «Атырау – Сарытоғай – Махамбет», «Атырау – Бейбарыс», «Атырау – Таңдай», «Атырау – Доссор – Мақат», «Атырау – Сағыз», «Атырау – Сарайшық – Жалғансай», «Атырау – Құрманғазы» және «Атырау – Миялы» бағыттары бойынша тұрақты автобус қатынасы жолға қойылған.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT