Құрманғазы ауданы Қиғаш ауылдық клубында "Сазды" шекара бөлімшесі мен "Ана мейірімі- Сарбаз рухы" аналар клубы бірігіп Отан қорғаушылар күніне
"Тәуелсіз елдің тірегі - ер азамат" тақырыбында мерекелік шара өткізді.
Шара барысында түрлі құттықтаулармен бірге өнерпаздарының ән , биларі тамашаланды.
Сарбаздардың дайынданан мерекелік бағдарламасы әсерлі болды.
Сарбаздар өнерлері мен бірге әскери-қолданбалы жаттығу түрлерінен: автоматты бөлшектеу және жинақтау,
қоян-қолтық ұрыс пен Көңілді тапқыштар клубы элементтерінен көрінісітерді сахналады. Кері байланыс болды.
Сарбаздардың жақсы мерекелік бағдарламасын дайындауға басшылық жасаған "Сазды" шекара бөлімшесі бастығының идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары аға лейтенант Ахметов Бауыржан Рахимжанұлына аналар ризашылық білдіреді.
Шараға Қиғаш округінің әкімі Марина Николайқызы, ҚР ҰҚК Шекара қызметі Атырау облысы бойынша департаменті "Сазды" шекара бөлімшесі бастығының тәрбиелік идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары аға лейтенант Ахметов Бауыржан Рахимжанович , аудандық Аналар кеңесінің төрайымы Хасенова Балғаным Хасенқызы, аудандық арталықтандырылған кітапхана жүйеінің директоры, аудандық Аналар кеңесі төрайымының орынбасары ,"Ана мейрімі- Сарбаз рухы" клубының жетекшісі Мусина Анар Нуриқызы, аудандық Аналар кеңесінің мүшесі, Жаңаталап ауылдық клубының көркемдік жетекшісі Төлегенқызы Жанар, еңбек ардагері, "Тоғызқұмалақ ойыншылары" аналар клубының жетекшісі Исаева Наслиха Таймусқызы, Теңіз ауылдық клубының меңгерушісі , округтің Аналар кеңесі төрайымы Насипова Гүлнар Хамитқызы, Нұржау ауылдық Аналар кеңесінің төрайымы , Нұржау орта мектебінің мұғалімі Бакешева Гульханат Қанатбекқызы , Ақкөл ауылдық клубының көркемдік жетекшісі, округтің Аналар кеңесі мүшесі , "Жас отбасылар" клубының жетекшісі Сидегалиева Жаннат Болатбайқызы, Нұржау орта мектебінің мұғалімі, мектеп жанындағы театр клубының жетекшісі Исаева Айша Исақызы, Теңіз ауылдық кітапханасының меңгерушісі, округтің аналар кеңесінің мүшесі Құспанова Мейрамгүл Бақытбекқызы, Хиуаз ауылдық мәдениет үйінің әншісі Хасанов Закария, Қиғаш клубы басшысы А. Бисенбайұлы, округтің мәдени ағарту қызметкерлері , тұрғындар, "Сазды" шекара бөлімшесінің сарбаздары қатысты.

