Алға ауылындағы жаға бекіту жұмыстарының 50 пайызы аяқталды

(0 Votes)

Махамбет ауданына қарасты Алға ауылында ұзындығы 3,2 шақырымды құрайтын жаға бекіту жобасының 50 пайызы орындалды. Нысанды қазан айына дейін толық аяқтау жоспарлануда, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Жоба аясында негізгі құрылыс кезеңдері жүйелі түрде жүзеге асуда. Бірінші және екінші арналар бойынша қазба жұмыстары толық аяқталып, 3,2 шақырым аумақ қамтылды. Сондай-ақ жағалаудың 0-32 шақырым аралығында 946 дана свай қағылып, әуе электр желісі ауыстырылды.

Қазір арнайы қоршау салу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бүгінде 4100 дана геошпунт орнатылып, құрылыс белгіленген кестеге сәйкес жалғасуда.

Айта кетейік, 2024 жылғы көктемгі су тасқыны кезінде нысан аумағы су астында қалып, құрылыс уақытша тоқтатылған болатын. Қазір жұмыстар қайта жанданып, қарқыны күшейтілді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT