Аққыстауда толассыз жауыннан кейін жедел жұмыстар ұйымдастырылды

(0 Votes)

2026 жылғы 9-10 мамыр күндері толассыз жауған жауын-шашын салдарынан Аққыстау ауылы аумағындағы бірқатар көшелер мен тұрғын үйлердің аулаларына жаңбыр суы жиналып, тұрғындарға қолайсыздық туғызды. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, елді мекеннің қауіпсіздігі мен тазалығын қамтамасыз ету мақсатында жедел түрде су сорғызу және тазалық жұмыстары ұйымдастырылды.

Аталған жұмыстарға «Таза Исатай» КМК мекемесінің қызметкерлері, арнайы техникалар және «Аққыстау ауылдық округі әкімі аппаратының» мамандары белсенді түрде жұмылдырылды. Тәулік бойы жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде ауыл көшелері мен тұрғын үйлер аумағынан жалпы көлемі 1140 текше метр жаңбыр суы сорғызылып шығарылды.

 

 

Бұл жұмыстар Мемлекет басшысы бастамашы болған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясындағы елді мекендердің тазалығы мен тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған жүйелі шаралардың бір бөлігі болып табылады. Табиғи құбылыстар кезінде туындаған мәселелерді дер кезінде шешу, қоршаған ортаның тазалығын сақтау және санитарлық жағдайды бақылауда ұстау — ортақ міндет.

 

 

Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде тұрғындарға келтірілген қолайсыздықтарды азайту бағытында тиісті шаралар қабылданып, қазіргі уақытта жағдай тұрақты бақылауға алынды. Сонымен қатар, ауыл аумағында су жиналу қаупі бар учаскелерге мониторинг жүргізіліп, алдын алу шаралары күшейтілуде.

 

 

Аққыстау ауылдық округінің әкімі тұрғындарды ауа райының қолайсыз кезеңдерінде сақтық шараларын сақтауға, балалардың қауіпсіздігіне мұқият болуға және төтенше жағдай қызметтерінің ескертулеріне бейжай қарамауға шақырады.

Таза ауыл – тұрғындарға жайлы орта. Табиғатты таза ұстау мен қоршаған ортаға жанашырлық таныту – әр азаматтың ортақ жауап

кершілігі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT