Мемлекет басшысының Қазақстанды Орталық Азиядағы жетекші AgriTech хабына айналдыру туралы бастамасы – ауыл шаруашылығын жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам. Бүгінде цифрлық технологиялар, жасанды интеллект, дрондар және дәл егіншілік тәсілдері өнімділікті арттырып қана қоймай, ресурстарды тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.
Ауыл шаруашылығына заманауи технологияларды енгізу азық-түлік қауіпсіздігін нығайтып, отандық өнімнің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал етеді. Сондай-ақ өнімнің егістіктен тұтынушыға дейінгі жолын цифрлық бақылау ашықтықты қамтамасыз етіп, тұтынушылардың сенімін күшейтеді.
Осындай бастамалардың жүйелі жүзеге асырылуы еліміздің агроөнеркәсіп кешенінің дамуына серпін беріп, Қазақстанның халықаралық нарықтағы орнын нығайтуға жол ашады.

