«АДАЛ ҚАЛА – АДАЛ ҚЫЗМЕТ» ЗИЯТКЕРЛІК ОЙЫНЫ ӨТТІ

(0 Votes)

Орал қаласында мемлекеттік қызметшілер арасында «Адал қала – Адал қызмет» атты қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы зияткерлік ойын өтті.

Іс-шараға Орал қаласының мемлекеттік органдарының қызметкерлері, Орал қаласының әкімдігі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшылығы мен өкілдері қатысты.

Зияткерлік ойын барысында қатысушылар мемлекеттік қызмет, кәсіби әдеп және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытындағы білімдерін сынап, командалық форматта нақты жағдаяттарды талдап, заң талаптарына сәйкес шешімдер ұсынды. Ерекше форматтағы бұл кездесу қатысушылардың белсенді пікір алмасуына, тәжірибе бөлісуіне және командалық өзара іс-қимылды нығайтуға мүмкіндік берді.

Іс-шара Орал қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында, «Жайық таңы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің қолдауымен өткізілді.

Осындай іс-шаралар қоғамда адалдық, ашықтық және заң үстемдігі қағидаттарын нығайтуға, сондай-ақ мемлекеттік қызметтің беделін арттыруға өз үлесін қосады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT