Президент Жарлығын жүзеге асыру аясында білім беру жүйесіне ЖИ енгізу: Премьер-министр Оқу-ағарту министрлігі жұмысына назар аударды

(0 Votes)

Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығы шеңберінде орта білім беру жүйесіне ЖИ енгізу мәселесіне назар аударды.

«12 мамыр күні Мемлекет басшысы білім беру жүйесіне жасанды интеллектіні енгізу туралы Жарлыққа қол қойды. Аталған құжат қалай жүзеге асырылуда?», — деді Олжас Бектенов.

Жұлдыз Сүлейменова Мемлекет басшысының білім беру процесіне жасанды интеллект технологияларын енгізу жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында Министрлік тиісті жұмыстар бастағанын баяндады.

Бірінші. 2026–2029 жылдарға арналған орта білім беру жүйесіне жасанды интеллект технологияларын енгізу жөніндегі кешенді жоспардың жобасы әзірленді. Құжат белгіленген тәртіппен Үкіметке енгізіледі. Кешенді жоспарда мектептердің цифрлық және инфрақұрылымдық дайындығын дамыту; педагог кадрларды даярлау; білім беру процесінде AI-шешімдерді қолдану көзделген. Жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп пилоттық жобаға қатысуға дайын 500 мектептің тізімі қалыптастырылды, оның ішінде 250 шағын жинақты мектеп; 150 жалпы білім беретін мектеп; 100 «Келешек мектептері». Қазіргі таңда мектептердің цифрлық инфрақұрылымына, жоғары жылдамдықты интернет сапасына, компьютерлік техникамен қамтамасыз етілуіне, кадрлық әлеуетке және білім беру ұйымдарының AI-шешімдерді енгізуге дайындығына талдау жүргізілді.

Екінші. Педагогтерді даярлау. Бүгінде 350 мыңнан астам педагог оқу процесінде жасанды интеллектіні тиімді қолдану бойынша арнайы оқытудан өтті. Сонымен қатар OpenAI компаниясының GPT-edu платформасын пайдалану үшін 100 мың педагогқа лицензия берілді. Қазіргі таңда мұғалімдер жасанды интеллектіні оқу процесінде белсенді қолданып, оқу контентін бейімдеп тиімді пайдалануда.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT