Жаңа оқу жылының басталуына санаулы уақыт қалғанда №49 «Келешек» мектебінің оқушылары қызу дайындық үстінде. Оқушылар оқу құралдарын толықтырып, мектеп формасын әзірлеп, алдағы білім маусымын зор ықыласпен күтуде.
Жазғы демалыстан кейін мектеп табалдырығын жаңа мақсаттармен аттауға ниетті шәкірттердің көңіл күйі ерекше. Әсіресе, бірінші сыныпқа баратын бүлдіршіндер үшін бұл кезең толқынысқа толы әрі есте қаларлық сәттердің бірі.
Жаңа оқу жылы – тың мүмкіндіктердің, жаңа білім мен жарқын жетістіктердің бастауы. Әрбір оқушының өз қабілетін дамытып, арманына бір қадам жақындай түсуіне мектеп ұжымы барлық жағдайды жасауға дайын.
№49 «Келешек» мектебі барлық оқушыларға жаңа оқу жылында биік белестерді бағындырып, білімге деген қызығушылықтары артып, шығармашылық пен ізденістері еселене беруіне тілектестік білдіреді. Жаңа оқу жылы баршаңызға сәттілік пен толағай табыс әкелсін!