Педагогикалық қызметкерлер арасында азаматтық қорғау және төтенше жағдайлар кезінде іс-қимыл жасау тәртібі бойынша оқу-жаттығу жұмыстары өткізілді.
Оқу-жаттығудың негізгі мақсаты – төтенше жағдай туындаған кезде педагогтердің дұрыс әрі жедел әрекет ету дағдыларын қалыптастыру, қауіпсіздік шараларын сақтау және эвакуация тәртібін пысықтау.
Жаттығу барысында қызметкерлердің төтенше жағдай кезіндегі іс-қимыл алгоритмдері тәжірибе жүзінде көрсетіліп, қауіпсіздік талаптары түсіндірілді.
Азаматтық қорғау және төтенше жағдайлар бойынша түсіндіру жұмысы
Мектептің алғашқы әскери пәнінің мұғалімі Наурызбайдың ұйымдастыруымен педагогикалық қызметкерлерге азаматтық қорғау және төтенше жағдайлар кезінде іс-қимыл жасау тәртібі бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
🔹 Түсіндіру барысында төтенше жағдайлар кезіндегі қауіпсіздік шаралары;
🔹 педагогтердің іс-қимыл тәртібі;
🔹 эвакуациялау және қауіпсіздік талаптарын сақтау жөніндегі негізгі ережелер түсіндірілді.
Іс-шараның мақсаты – педагог қызметкерлердің төтенше жағдай кезіндегі сауаттылығын арттыру және дұрыс әрі жедел әрекет ету дағдыларын қалыптастыру.


