Атырауда жаңа оқу жылында "BINOM" және Келешек мектептерінің саны артады

(0 Votes)

 

Атырау облысында білім беру инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Қазір өңірде 17 мектептің құрылысы жүргізіліп жатыр. Оның ішінде «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында бой көтеріп жатқан білім ошақтары мен жаңа Binom мектебі бар, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. 

Атырау облыстық Білім беру басқармасының бас маманы Ренат Жалмұхановтың мәліметінше, төрт мектепті 2026–2027 оқу жылының басында пайдалануға беру жоспарланған. Олардың үшеуі Құрманғазы және Жылыой аудандарында салынып жатқан «Келешек мектептері» болса, тағы бірі – Атырау қаласындағы Драма театр аумағында бой көтеріп жатқан 2000 орындық Binom мектебі.

Жалпы, 2023–2025 жылдарға арналған жоспар бойынша өңірде тоғыз «Келешек мектебін» салу көзделген. Бүгінде олардың төртеуі ел игілігіне берілді. Атап айтқанда, Водниково және Береке ауылдарындағы 1200 орындық екі мектеп, Сарыөзек ауылындағы 300 орындық және Жұлдыз-2 ықшам ауданындағы 900 орындық мектеп жұмысын бастады.

Мамандардың айтуынша, жаңа білім беру нысандарының іске қосылуы оқушы орындарының тапшылығын азайтып, үш ауысымды және апатты мектептер мәселесін шешуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар заманауи мектептер сапалы әрі қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыруға жол ашады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT