Атырау облысында «Келешек мектептері» жобасы қарқынды жүзеге асуда

(0 Votes)

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, «Келешек мектептері» – жай ғана жаңа ғимарат емес, елдің интеллектуалдық әлеуетін қалыптастыратын, болашақ ұрпақты тәрбиелейтін стратегиялық жоба.

Атырау облысында 2023–2025 жылдары 9 «Келешек мектебін» салу жоспарланған. Бүгінде Атырау қаласында жалпы 3600 орындық 6 мектеп пайдалануға берілді. Олар Водниково, Береке, Сарыөзек, Жұлдыз-2, Ақсай-2 және Жұлдыз-3 шағынаудандарында орналасқан.

«Келешек мектептері» заманауи инфрақұрылыммен, STEM және робототехника кабинеттерімен, IT-сыныптармен, шығармашылық шеберханалармен жабдықталған. Сонымен қатар инклюзивті білім беру, қауіпсіздік және оқушылардың жан-жақты дамуына қажетті барлық жағдай қарастырылған.

Қазіргі таңда облыста 17 мектептің құрылысы жалғасуда. Оның ішінде 4 мектепті 2026–2027 оқу жылының басында пайдалануға беру жоспарланған. Аталған білім ордаларының үшеуі «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында салынып жатыр. Олар Құрманғазы ауданында – екі, Жылыой ауданында бір мектеп. Жаңа мектептердің ашылуы өңірдегі білім беру сапасын арттырып, оқушыларға заманауи білім алуға кең мүмкіндік береді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT