Көктемгі демалыс қарсаңында №46 Келешек мектебі білім ордасында оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында профилактикалық түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды. Шараға мектеп инспекторы қатысып, оқушылармен маңызды тақырыптар аясында кездесу өткізді.
Жиын барысында демалыс кезінде жол жүру ережелерін сақтау, бейтаныс адамдармен қарым-қатынаста сақ болу, су айдындары мен қоғамдық орындардағы қауіпсіздік талаптарын орындау жөнінде кеңінен түсіндірілді.
Сонымен қатар, интернет қауіпсіздігі, төтенше жағдайлардың алдын алу және құқық бұзушылыққа жол бермеу мәселелері де қамтылды. Мектеп инспекторы заң талаптарын сақтау мен жеке қауіпсіздікке жауапкершілікпен қараудың маңыздылығын атап өтті.
Аталған шара оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және түрлі қауіп-қатердің алдын алуға бағытталған.
Нұргүл Насыр

