Атырау қаласындағы №50 «Келешек» мектебінде жаңа оқу жылы қарсаңында ата-аналармен «Жаңа оқу жылы: тәртіп, талап, қолдау және ынтымақтастық» тақырыбында кездесу өтті.
Жиында жаңа оқу жылына қойылатын талаптар, мектептегі тәртіп ережелері, оқушылардың қауіпсіздігі, ата-ана мен мектеп арасындағы өзара байланыс және жасөспірімдердің жауапкершілігі мәселелері талқыланды.
Кездесу барысында ата-аналарға бала тәрбиесінде мектеппен тығыз қарым-қатынас орнатудың маңызы түсіндірілді. Сондай-ақ оқу процесін тиімді ұйымдастыру және оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында бірқатар ұсыныстар айтылды.
Кездесу соңында ата-аналар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мектеп ұжымымен пікір алмасты.
Жаңа оқу жылын мектеп пен ата-ана арасындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастық негізінде бастау – басты мақсаттардың бірі.


