#ЗАҢМЕНТӘРТІП
Қадыр Мырза Әли атындағы жалпы орта мектебінде құқық бұзушылық пен жасөспірімдер қылмысының алдын алу мақсатында кездесу өтті. Іс-шараға Құрманғазы аудандық полиция бөлімінің жедел уәкілі қатысып, 8–11 сынып оқушыларымен профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
📌 Кездесуде буллинг, кибербуллинг, бопсалау, қоғамдық тәртіп, интернет алаяқтары, «дроппер» қауіптері, синтетикалық есірткінің зияны және заң талаптарын сақтау мәселелері түсіндірілді.
📌 Сондай-ақ оқушыларға түнгі уақытта заңды өкілінсіз жүрмеу, көлік құралдарын басқармау және қауіпсіздік талаптарын сақтау жөнінде ескертілді.

