Тағы бір отбасы баспаналы болды

(0 Votes)
Ақкөл ауылының тұрғыны Денис Кушинир бірінші жолдасы қайтыс болғаннан кейін бір ұл, бір қызымен қалды. Өзінің денсаулығы кем болса ұрпақтарын ешкімнен кем етпейін деп жұмыс жасап, үй жалдап күн көрді.
Сөйтіп жүріп  Самал деген келіншекке үйленіп,  енді  9 балалы болған соң пәтер жалдауда оңайға соқпады. Көп балалы әке амалсыздан «Харекет» қайырымдылық қорынан көмек сұрауға мәжбүр болды. Қиындықта қалған адамға қол созуға әзір тұратын қор еріктілері оның басындағы жағдайға  бірден назар аударды.  Дениске Алланың қалауымен, халықтың қолдауымен, «Харекет»  қорының демеушілігімен  1609-шы баспана бұйырды. Қор бұл отбасына үйді мүмкін болғанша Құрманғазы ауданынан іздеп көрді. Алайда, аудан көлемінен ондай баспана таппаған соң, жиналған қаражатқа  Атырау қаласынан үй алған. Көп балалы отбасы қалаға көшуге қарсылық танытпаған. 
 
 
Әрине, аз қамтылған отбасының қалаға өздігінен көшіп баруға жағдайы тартпайтын. Оған біраз қаражат қажет. Оларды көшіру қорға да қиынға соғып, демеушілер іздегенде ыңғайы  шықпаған. Сонда аудандық мәслихаттың төрағасы Гүлжаннат Қалиевадан көмек сұраған. Жаны мейірімге толы, кең жүректі  Гүлжаннат Ғаділханқызы еріктілердің бір ауыз сөзін жерге тастамай, көлік іздеуге бірден кіріскен.  Ақыры «Газель» көлігін тауып, жол қаражатын өзі төлеген. Ал отбасын ақкөлдік Қанағат Ескендіров бастаған  азаматтар демеушілік жасап көшірген. Атырау  қаласында «Харекет» қайырымдылық қорының еріктілері  Денистің  отбасын  күтіп алып, қоныс тойын жасаған. Дүние осындай мейірімді жандарға кенде емес қой. Демеушілік көрсеткен адамдар мен қор еріктілерінің жақсылығы алдарынан шыға берсін.
 
Қанат ҒҰМАРОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT