Волейболдан өткен турнир

(0 Votes)

Тәжік-Ауған шекарасында әскери борышын өтеген сарбаздарды еске алуға арналған волейболдан ардагер спортшылар арасында ашық облыстық турнир өтті. Аудандық спорт кешенінде өткен жарысқа Атырау қаласы, Махамбет, Құрманғазы аудандарынан 5 команда қатысты.

Ала допты алақанда ойнатқан ойыншылар кубокты сарапқа салды. Жарыс қортындысы бойынша бабы мен бағы келіскен Атырау қаласынан келген РауанНТех командасы шеберліктерін көрсетіп, жеңіс тұғырынан көрінді. ІІ орынды Құрманғазы ауданының құрама командасы алса, ІІІ орынды махамбеттіктер місе тұтты. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге кубоктар, дипломдар табысталды.

Өз тілшіміз  

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT