Жыланды ауылындағы №184 референдум учаскесінің басшысы Алтын Абуеваның айтуынша тұрғындардың белсенділігі жоғары.
17 адамға өтініштері бойынша жәшік апарылған. Түстен кейін де келушілер қатары саябырсымауда. Референдумның маңызын жете түсінген 90 жастағы ауыл тұрғыны Ғаділбек Язитов ақсақал өз аяғымен келіп алғашқылардың бірі болып дауыс берген. Осының өзі үлкенді-кішілі азаматтарымыздың ел тағдырына немқұрайлы қарамай жауапкершілік танытқанының айқын көрінісі.

