Құрметті ата-аналар мен ауыл тұрғындары!
Ағымдағы жылдың шілде айының 03-05 күндері аралығында Құрманғазы ауданында “Түнгі қала - қауіпсіз балалар” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шараның басты мақсаты:
• Түнгі уақытта балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
• Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу;
• Балалардың қараусыз және қадағалаусыз қалуына жол бермеу.
ҚҰРМАНҒАЗЫ АУДАНДЫҚ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІ ЕСКЕРТЕДІ!
Жаз мезгілінде балалардың терезеден құлау қаупі артады. Осындай қайғылы оқиғалардың алдын алу мақсатында Құрманғазы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері тұрғындар арасында профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, қауіпсіздік талаптары көрсетілген жадынамалар таратты.
Құрметті ата-аналар!
Балаларды үйде қараусыз қалдырмаңыз. Терезе маңына орындық, үстел, төсек сияқты жиһаздарды қоймаңыз. Москит торы баланы құлаудан қорғамайтынын ұмытпаңыз. Терезелерге арнайы қауіпсіздік бекіткіштерін орнатып, балалардың терезені өздігінен ашуына жол бермеңіз.
Баланың өмірі мен денсаулығы – әрбір ата-ананың басты жауапкершілігі. Қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау арқылы орны толмас қайғылы оқиғалардың алдын алуға болады.
Құрманғазы аудандық полиция бөлімі азаматтарды балалардың қауіпсіздігіне бейжай қарамауға және қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырады.


