ТҮЛЕКТЕР АҒАШЫ

(0 Votes)


🌿С.Мұқанов мектебінде “Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы шеңберінде “Таза Қазақстан” жобасын іске асыру мақсатында Республикалық “Түлектер ағашы” челленджі жоғары деңгейде ұйымдастырылды!  
🌿Бұл игі шараның басты мақсаты – туған мектепке деген құрметті арттыру, түлектер мен білім ордасы арасындағы байланысты нығайту, сондай-ақ келешек ұрпаққа жасыл мұра қалдыру.  
🌿Акция аясында мектеп түлектері мен ұстаздар қауымы ағаш көшеттерін отырғызып, туған мектебінің гүлденуіне өз үлестерін қосты. Әрбір отырғызылған көшет – түлектердің мектепке деген ыстық ықыласы мен шексіз алғысының белгісі.  
🌿Осындай тағылымы мол шараға атсалысқан барша түлектерімізге, ұстаздарымызға және ұйымдастырушыларға шынайы ризашылығымызды білдіреміз!  
🌱 Бірге еккен ағаштарымыз тамырын тереңге жайып, мектебіміздің көркеюіне қызмет етсін!

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT