Облыс көлемінде өткен жерлесіміз, көрнекті қаламгер Рақымжан Отарбаевтың 70 жылдығына арналған облыстық шығармашылық байқауда Еңбекші жалпы орта мектебі жанынан құрылған “Шың” театры үлкен жетістікке қол жеткізді!
Сахналық қойылым бағыты бойынша мектебіміздің “ШЫҢ” жасөспірімдер театры жоғары деңгейде өнер көрсетіп, жүлделі ІІ орынды иеленді!
Бұл – жас өнерпаздардың табанды еңбегі мен шығармашылық ізденісінің, жетекшісінің кәсіби шеберлігінің және мектеп ұжымының бірлігінің жарқын нәтижесі. Сахнада шынайы образ жасап, көрермен жүрегіне жол таба білген “ШЫҢ” театрының әр мүшесіне зор мақтаныш білдіреміз!
Өнер додасында топ жарып, мектебіміздің абыройын асқақтатқан жас таланттарымызды шын жүректен құттықтаймыз!
Шығармашылық шабыттарыңыз шалқып, алар асуларыңыз биік болсын!
Театр жетекшісі: МДТІЖО Қабиев Ернар Амангелдіұлы

