Тазалық- баршаға ортақ міндет

(0 Votes)

Көптоғай ауылдық округі бойынша «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында округ аумағында кезекті сенбілік ұйымдастырылып өткізілді. Сенбілікке округке қарасты мекеме қызметкерлері ұйымшылдықпен қатысты.

Сенбілік барысында зират маңайлары тазартылып, тұрмыстық қалдықтар жиналды. Жиналған қоқыстар арнайы орындарға шығарылды.

Сенбіліктің негізгі мақсаты – қоршаған ортаның тазалығын сақтау, тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттыру және туған жерге деген жауапкершілікті қалыптастыру.

Тазалық – әрбір азаматтың ортақ міндеті. Осы бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасатын болады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT