«Таза Қазақстан»: Нұржау ауылында тазалық бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді

(0 Votes)

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында Құрманғазы ауданына қарасты Нұржау ауылдық округінде тұрғындар арасында санитарлық тазалық пен абаттандыру мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Іс-шараға учаскелік полиция инспекторы Б. Уахитов және округ әкімі аппаратының мамандары қатысты.

Түсіндіру жұмыстары барысында ауыл аумағы мен тұрғындардың аулаларының санитарлық тазалығы тексерілді.

Тұрғындарға қоршаған ортаның тазалығын сақтау, тұрмыстық қалдықтарды белгіленбеген орындарға тастамау, сондай-ақ өз аулалары мен оған іргелес аумақты кемінде 5 метр қашықтықта таза ұстау қажеттігі түсіндірілді. 

 

Соңғы жаңалықтар

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT