"Таза Қазақстан" акциясы аясында сенбілік өтті

(0 Votes)

Құрманғазы ауданына қарасты Бірлік ауылдық округінде "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы аясында сенбілік ұйымдастырылды. Іс-шара барысында мектеп ауласы мен айналасы тазаланып, абаттандыру жұмыстары жүргізілді.

Сенбіліктің негізгі мақсаты – қоршаған ортаның тазалығын сақтау, табиғатқа деген жауапкершілікті арттыру.

Барша қатысушылар тазалық жұмыстарына белсенді атсалысып, туған жердің көркеюіне өз үлестерін қосты.

Сенбілікке 48 адам қатысып, 3,5 тн қоқыс шығарылды, 0,2 га жер тазаланды.

Соңғы жаңалықтар

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT