Аудандық орталық кітапханада аудандық Аналар кеңесінің құрылғанына 10 жыл толуына орай «Өнеге өрген ғұмыр» атты тағылымды сұхбат-кездесу ұйымдастырылды.
Кездесудің құрметті қонағы – аудандық Аналар кеңесінің төрайымы, ардагер ұстаз, Құрмет орденінің иегері Балғаным Хасенқызы. Сұхбат барысында жүргізуші қонақтың балалық шағы, өмірлік ұстанымы, отбасы құндылықтары, аналық миссиясы, қоғамдық қызметі, ұлттық тәрбие мен кітаптың адам өміріндегі орны туралы мазмұнды сұрақтар қойып, Балғаным Хасенқызы өмірден түйген тәжірибесімен, тағылымды ойларымен бөлісті.



Кездесу соңында келген қонақтар ізгі тілектері мен жылы лебіздерін білдіріп, кейіпкерге құрмет көрсетті.

Тағылымға толы бұл жүздесу қатысушыларға отбасы құндылықтарын дәріптеудің, ананың өнегесі мен парасатын насихаттаудың маңызын тағы бір мәрте ұғындырды.



