Тағылымды ғұмыр – ұрпаққа өнеге

(0 Votes)

Құрылыс саласының ардагері Әдебиет Хасанұлының туғанына 90 жыл толуына орай «Тағылымды тәж еткен ғажап ғұмыр» атты еске алу шарасы өтті. Тағылымды кеш С. Көшекбаев атындағы аудандық мәдениет үйінде ұйымдастырылып, оған марқұмның туыстары, замандастары мен әріптестері қатысты.  

          Шара барысында жиналған қауым ардақты азаматтың жарқын бейнесін еске алып, рухына тағзым жасады. Кеш басында арнайы бейнеролик көрсетіліп, бір минут үнсіздік жарияланды.  
          Аудан әкімінің орынбасары Марат Ізмұханұлы Хасанов сөз сөйлеп, Әдебиет Хасанұлының ел дамуына қосқан еңбегіне тоқталып, естелік хатты ұрпақтарына табыстады. Аудандық мәслихат төрағасы Гүлжаннат Ғаділханқызы Қалиева да ардагердің өнегелі өмір жолын атап өтті.  
          Кеш барысында марқұммен бірге еңбек еткен замандастары мен әріптестері естеліктерімен бөлісті. Атап айтқанда, Өмірзақ Қажымғалиев , Мәлік Матыбаев, Елдос Бектеміров,Болатбек Мусағалиев, Ғалымжан Мукашев және Болат Қалиев сөз алып, Әдебиет Хасанұлының адамгершілігі, қарапайым болмысы мен кәсіби біліктілігі туралы жылы пікірлерін білдірді. Олар оның әріптеске адал, елге жанашыр азамат болғанын ерекше атап өтті.  
          Сонымен қатар туыстары да сөз алып, жүрекжарды лебіздерін жеткізді. Астанадан келген құдасы Хайдар Жұмабайұлы мен күйеу баласы Айтпай Жұмабайұлы марқұмның асыл қасиеттерін еске алды. Шара соңында ұлы Бекет Әдебиетұлы жиналған қауымға алғысын білдірді.  
          Еске алу шарасы – өнегелі ғұмыр иесінің жарқын бейнесін жаңғыртып, кейінгі ұрпаққа үлгі болған тағылымды басқосу ретінде есте қалды.

Ақбота Жалғауова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT