Ұстазға тағзым – ұрпаққа үлгі

(0 Votes)

Ауданда Қазақстан Республикасының білім беру саласының үздігі, спорт және еңбек ардагері, белгілі ұстаз Қилаулы Мараттың 70 жылдық мерейтойына орай мұғалімдер арасында волейболдан аудандық турнир ұйымдастырылып, өз мәресіне жетті.

Тағылымы мол шараның басты мақсаты – ұлағатты ұстаздың есімін ұлықтау, оның саналы ғұмыры мен ел игілігі жолындағы еңбегін жас ұрпаққа үлгі ету. Турнир барысында қатысушылар тартысты ойын өрнегін көрсетіп, спорттық шеберліктерін сынады.

Шара аясында сөз сөйлеген аудандық білім беру бөлімінің басшысы Еділ Ғарипұлы, спорт ардагері, журналист Мадат Сәрсекеев, марқұмның ауылдас інісі Жандос Мнафихұлы және ағайындар атынан Алтай Мағзомұлы Қилаулы Мараттың өнегелі өмір жолы мен ел дамуына қосқан үлесін атап өтті.
«Мұндай жарыстар – тек спорттық бәсеке емес, бұл – ұрпақтар сабақтастығының айқын көрінісі», – деп атап өтті шара қонақтарының бірі.

Турнир қорытындысы бойынша І орынды Әуезов атындағы мектеп командасы жеңіп алса, ІІ орын Абай атындағы мектепке бұйырды. Ал ІІІ орынды Бегалиев атындағы мектеп командасы иеленді.

Жекелей номинациялар бойынша «Үздік ойыншы» аталымы Молдағалиев Асқарға берілді. «Үздік үйлестіруші» – Захарбаев Бағдаулет, ал «Үздік тосқауыл қоюшы» номинациясын Хамитов Нұрболат жеңіп алды.

Жарыс соңында ұйымдастырушылар барлық қатысушыларға алғыс білдіріп, мұндай игі шаралар алдағы уақытта да жалғасын табатынын жеткізді.

 

 

Ақбота Жалғауова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT