Қазақстан Республикасының білім беру саласының үздігі, спорт және еңбек ардагері, ауданымыздың белгілі азаматы Гилаев Марат Ғилаұлының 70 жылдығына арналған волейболдан аудандық турнир өтіп жатыр
Ауданымызда білім беру саласының үздігі, спорт және еңбек ардагері, елге сыйлы азамат Гилаев Марат Ғилаұлының 70 жылдығына арналған волейболдан аудандық турнир өтіп жатыр.
Бұл жарыс – ұлағатты ұстаздың өмір жолын ұлықтап, оның білім мен спорт саласына қосқан үлесін кейінгі ұрпаққа насихаттау мақсатында ұйымдастырылып отыр. Турнирге аудан мектептерінің командалары қатысып, өзара бақ сынауда.
Шара барысында Марат Ғилаұлының елге сіңірген еңбегі айтылып, оның шәкірт тәрбиелеудегі орны ерекше екені атап өтілуде. Қонақтар мен әріптестері жылы естеліктерімен бөлісіп жатыр.
Аталған турнир – ұстазға деген құрметтің белгісі ғана емес, жас ұрпаққа үлгі болатын тағылымды іс-шара.

