Рухани құндылыққа бастар жол – «Тағдыр» романы

(0 Votes)

Аудандық орталық кітапханада «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында Қабдеш Жұмаділовтің «Тағдыр» романы бойынша мазмұнды танымдық сайыс ұйымдастырылды.

📚 Шараның негізгі мақсаты – оқырмандарды көркем әдебиетті терең түсінуге баулу, тарихи сананы қалыптастыру, ұлттық құндылықтарды ұлықтау және кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру.

Сайыс барысында қатысушылар шығарма мазмұнына байланысты сұрақтарға жауап беріп, кейіпкерлер тағдырына талдау жасап, өз ойларын ортаға салды. Әр кезең тартымды өтіп, оқушылардың білім деңгейі мен тапқырлығы айқын көрінді.

Абай жалпы орта мектебінің 10 «г» және 10 «в» сынып оқушылары «Әділдік» және «Тарих» топтарына бөлініп, өзара білім сайысында белсенділік танытты.

Рухани құндылыққа бастар жол – кітаптан. Осындай игі шаралар оқырман көкжиегін кеңейтіп, әдебиетке деген сүйіспеншілікті арттыра түседі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT