Педагогикалық оқу жүлдегерлері анықталды

(0 Votes)

Облыстық Атырау қаласында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ филиалының Атырау облысы бойынша Кәсіби даму институты«Білім берудегі цифрлық сауаттылық пен жасанды интеллект: Үздік педагогикалық тәжірибе» тақырыбындағы облыстық педагогикалық оқуларын ұйымдастырды. Оған қала және облысқа қарасты барлық аудандардан мұғалімдер қатысып, кәсіби біліктіліктерін көрсетті. Ұстаздар білім беру үдерісінде цифрлық технологияларды қолдану, инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізу бойынша мазмұнды баяндамалар ұсынды. Сондай-ақ цифрлық құралдарды тиімді пайдалану арқылы жасанды интеллект мүмкіндіктерін оқу үдерісінде пайдалану бағытындағы тәжірибелерімен бөлісті. Педагогикалық оқулар байқауының облыстық кезеңіне 13 бағыт бойынша 13 мұғалімнің жұмыстары қабылданып, шығармашылық жұмыстарды қорғау турына жіберілді. 


Нәтижесінде белсенді қатысушылар дипломдармен ұлығыланды. ІІІ, ІІ, І дәрежелі дипломдарды және «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Атырау облысы бойынша Кәсби даму институтының сертификаттарын қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы кафедраның аға оқытушысы, әділқазылар алқасының төрайымы Майя Ажгулова, облыстық арнайы мектеп-интернаты директорының орынбасары Айтбай Қарамурзин, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ  филиалы Атырау облысы бойынша Кәсіби даму институтының директоры Маржан Галимжанова табыстады. Ауданымыздан да аталмыш оқуға қатысқан жаңашыл педагогтар да марапатсыз қалмады. Атап айтсақ,  байқаудың қорытындысы бойынша білім беру мекемелері басшыларының бағыты бойынша М.В.Ломоносов атындағы жалпы орта мектебінің басшысы Т.Ажгалиева 1 орын, бастауыш сыныптар пәндері  бағыты бойынша Еңбекші жалпы орта мектебінің  бастауыш сынып мұғалімі Г.Карабалаева 3 орын, қазақ тілі мен әдебиеті пәндері  бағыты бойынша Б.Бегалиев  атындағы жалпы орта мектебінің  қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Т.Кайырлиева 3 орын, ағылшын тілі пәндері  бағыты бойынша Ақкөл  жалпы орта мектебінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі А.Жұмағазиева 2 орын, орыс тілі мен әдебиеті пәндері бағыты бойынша  Қиғаш жалпы орта мектебінің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі М.Сержанова сертификатқа, биология пәні бойынша Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебінің биология пәні мұғалімі Н.Ахмеденова 3 орын, химия пәндері бағыты бойынша М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебінің химия пәнінің мұғалімі С.Унгалиева 3 орын иеленсе, география пәнінің бағыты бойынша  Ю.Гагарин атындағы жалпы орта мектебінің география пәнінің мұғалімі Д.Уалиева 3 орын, тарих, құқық пәндері бағыты бойынша Абай атындағы жалпы орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Г.Жағыпарова 3 орын, математика пәндерінің бағыты бойынша Еңбекші  жалпы орта мектебінің математика пәнінен Г.Масалимова 2 орын, физика пәндерінің бағыты бойынша Д.Нұрпейісова атындағы жалпы орта мектебінің физика пәні мұғалімі Т.Бисенова-1 орын, музыка пәні бағыты бойынша Б.Бегалиев атындағы жалпы орта мектебінің музыка пәнінің мұғалімі Г.Нигметова-2- орын, алғашқы әскери дайындық  және дене шынықтыру пәндерінің бағыттары бойынша  Еңбекші жалпы орта мектебінің  АӘД жетекшісі Е.Хамеденов жүлделі 2 орындардан көрінді. 
Алдағы күндерде балабақшаның меңгерушілері мен тәрбиешілері, педагог-психолог, әлеуметтік педагогтер және түзету сыныптарының тәрбиешілері үшін педагогикалық оқулар байқауының облыстық кезеңі сәуір айында жоспарланып отыр.

   Айнагүл Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT