НҰРЖАУ АУЫЛЫНЫҢ СПОРТШЫЛАРЫ ЖАҢА АТА ЗАҢ ЖОБАСЫН ҚОЛДАЙДЫ

(0 Votes)
Бүін аудандық коалиция өкілдері Нұржау балалар-жасөспірімдер спорт мектебі ұжымымен кездесу өткізді.
 
Жиынға аудандық коалиция мүшелері Берик Анесов пен Балағазы Имангалиев қатысты.
 
Кездесу барысында коалиция мүшесі Берик Анесов конституциялық өзгерістердің стратегиялық маңызына тоқталып, олардың елдің орнықты дамуына, әлеуметтік саясаттың жаңаруына және қоғамдық келісім мен бірлікті нығайтуға ықпал ететінін атап өтті. Ол реформалардың табысты жүзеге асуы қоғамның белсенділігі мен азаматтардың саналы қолдауына тікелей байланысты екенін жеткізді. Сонымен бірге, алдағы шешім – әрбір азаматтың қатысуына байланысты екенін атап өтіп, ұжымды жаппай референдумды қолдауға шақырды.
 
Жиын соңында спорт мектебінің ұжымы алдағы референдумға белсенді қатысуға дайын екендерін білдірді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT