Семей қаласында өтіп жатқан республикалық «Абай оқулары» байқауында мектебіміздің 10-сынып оқушысы Таңатар Нұрайна жоғары нәтиже көрсетіп, күміс медаль иегері атанды.
Абай мұрасын насихаттайтын білім ордасында тәлім алып жүрген Нұрайнаның бұл жетістігі – мектеп мерейін үстем еткен зор қуаныш.
Жас дарын иесін және жетекшісі Айдана Әділханқызын шын жүректен құттықтаймыз! Алар асуларыңыз биік, жеңістеріңіз көп болсын!
🎙️ Абай атындағы орта мектебінің баспасөз қызметі


