№49 «Келешек» мектебінің би тобы халықаралық байқауда Бас жүлде иеленді

(0 Votes)

№49 «Келешек» мектебінің «Гүлдер» би тобы Өзбекстанның Ташкент қаласында өткен III «Shygys Zhulduzy» халықаралық шығармашылық байқауында Бас жүлдені жеңіп алды.

Ұжым «Хореография» номинациясында «Шашу» биін орындап, жоғары кәсіби шеберлігі мен сахналық мәдениеті үшін қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды.

Би тобының жетекшісі Серікқали Еркемайдың шығармашылық еңбегі де жоғары бағаланып, ұжым халықаралық деңгейдегі байқаудың ең жоғары марапатына лайық деп танылды. Халықаралық додадағы бұл жеңіс – мектеп оқушыларының таланты мен жүйелі еңбегінің жарқын көрінісі.

№49 «Келешек» мектебінің ұжымын, өнерпаз оқушыларды және жетекшісін айтулы жетістікпен құттықтаймыз.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT