15 мамыр – Халықаралық отбасы күні
Отбасы – адам өміріндегі ең қастерлі құндылықтардың бірі.
Жан жылуы, мейірім мен махаббат, сыйластық пен сенім ең алдымен отбасынан бастау алады. Татулық пен береке орнаған шаңырақ – қоғамның тұрақтылығы мен ел болашағының берік негізі.
Отбасы құндылықтарын дәріптеу – баршамызға ортақ міндет. Себебі бақытты отбасы – бақытты қоғамның кепілі.
Мерекеге орай ауданымызда Орталық алаңда өнерлі отбасылардың концерті өтеді. Аудан тұрғындарын концертті тамашалауға шақырамыз!

