Наурыз – жаңару мен берекенің бастауы

(0 Votes)

Зейнолла Серікқалиұлы атындағы мектеп-интернатта өткен Ұлыстың ұлы күніне арналған «Наурыз – жаңару мен берекенің бастауы» атты мерекелік шара білім ұясының директоры Руслан Хасантаевтың құттықтауымен ашылды.

Қонақтарға наурыз көже мен ақ бауырсақ ұсынылды. Ұстаздар арқан тарту мен асық атуға қатысып, ұлттық нақыштағы киімдер шеруі тамашаланды. Аудан әкімі Абат Жанғалиев құттықтап, ізгі тілегін жеткізіп, аудандық мәслихаттың төрағасы Гүлжаннат Қалиева, Құрманғазы ауылдық округінің әкімі Абдуррахман Мусамен бірге бір топ ұстаздарға Алғыс хаттар табыс етті. 

Мерекелік шарада Қыдыр ата батасын беріп, мектеп ұстаздары мен қызметкерлерінен құралған «Адай», «Береке», «Ынтымақ», «Шаңырақ» атты ауылдар өз өнерлерін ортаға салды. Қазақтың салт-дәстүрлерінен «Береке» ауылы – құда түсу, «Адай» ауылы – Беташар, «Ынтымақ» ауылы – Көрісу айт, «Шаңырақ» ауылы – қонақ қарсылау рәсімдерін сомдады. Бәрі де оларды жақсы, қызықты атқарып, би билеп, ән салып, өнерден құр алақан емес екенін көрсетті. Соңында қатысушылар интернат ауласында құрылған киіз үйде жайылған мерекелік дастарханнан дәм татты.

Қанат ҒҰМАРОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT